Полицейлер Шымкенттен Атырауға өзі келген жасөспірімнің ата-анасын іздестіруде

Атырау. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Полицейлер Шымкенттен Атырауға өзі келген жасөспірімнің ата-анасын іздестіруде, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«14 қыркүйекте ювеналды полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-алдын алу шарасы барысында Атыраудан жалғыз өзі келген жасөспірімді ұстады. Белгілі болғандай, жасөсірім Шымкенттен inDriver таксиімен мұнайлы қалаға өзі келген», - деді жұма күні Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, полицейлер баланың ата-анасын іздестіріп жатыр.
«Нәтидесінде жасөспірім кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығына орналастырылды, ол тәртіп сақшылары оның ата-анасын немесе заңды өкілін тапқанға дейін болады. Олармен полицейлер балалардың жалғыз жүрмеулері, оның үстіне басқа қалада қаңғып жүрмеуі керектігі туралы сөйлесетін болады», - деп хабарлады полициядан.

adimage