Полиция 11 млн астам қазақстандықтың жеке мәліметтерінің тарап кету ісін тексеруде

Күні: 18:54, 08-08-2019.

Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Полиция 11 млн астам қазақстандықтың жеке мәліметтерінің тарап кету ісін тексеруде, деп хабарлады «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» (КШТТО).
«Аталмыш дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің Есіл ауданы ПБ 2019 жылы 22 шілдеде ҚР ҚК 211 бабы 1 бөлімі бойынша (қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату) СТБТ №197115031001878 аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген КШТТО сауалына ішкі істер министрлігі берген жауапта.
Бұл ретте, нақты қандай мекемеге қатысты тергеудің басталғаны айтылмаған.


Жаңалықтармен бөлісу: