Полиция аңшы инспекторды өлтіргендерді ұстау үшін Ақмола облысында 10 блокбекет орнатты

Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ – Полиция аңшы инспекторды өлтіргендерді ұстау үшін Ақмола облысында 10 блокбекет орнатты, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Қазіргі таңда арнайы құрылған шұғыл-тергеу тобы күдіктілерді ұстау бойынша шаралар кешенін жүргізуде. Полицейлер шұғыл ұстау жоспарын енгізді, Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылған, күдіктілердің көлігіне қатысты ақпарат патрульдік қызметтің барлық жасағына берілді, Жарқайың және көрші аудандардың аумағына 10 блокбекет орнатылды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлімі (адам өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Еске салсақ, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК екі инспекторы жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жеткізілгенге дейін көз жұмған.

adimage