Полиция Алматы жолдарына 360-тан астам «Сергек» камерасын орнатуды жоспарлауда

Алматы. 5 тамыз. ҚазТАГ – Полиция Алматы жолдарына 360-тан астам «Сергек» камерасын орнатуды жоспарлауда, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінде жағдайды шұғыл қадағалау, қоғамдық тәртіпті күзетуді қамту, сондай-ақ Алматы қаласындағы құқықбұзушылық профилактикасы және оның ізін кесу үшін «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» және «Сергек» секілді бірқатар ақпараттық жүйе мүмкіндіктері қолданылады. Олардың санын 362-ге көбейту жоспарлануда. Олар қаланың барынша апат саны көп учаскелерінде, жол қозғалысы көп бұзылатын жерлерде қойылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы талдау да жүргізді», - деп хабарлады Алматы ПД бастығы Қанат Таймерденов сәрсенбі күні.
Полиция ақпарынша, 2020 жылдың алты айында сыртқы бейнебақылау жүйесінің көмегімен 3392 қылмыстың беті ашылған.

adimage