Полиция Алматыда автобустың көпірден құлауына қатысты ЖКО дерегі бойынша тергеуді бастады

Күні: 17:52, 01-07-2019.

Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Полиция Алматыда автобустың көпірден құлауына қатысты ЖКО дерегі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Аталмыш деректі қазіргі таңда Алатау ауданы ПБ (полиция басқармасы) әкімшілік тәжірибе бөлімшесі тексеруде. Тиісті сараптамалық тексерулер тағайындалады, ол бойынша аталмыш жол-көлік оқиғасының орын алуына ненің себеп болғаны анықталатын болады», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұған дейін хабарлағандай Алматыда Саин көшесінде Райымбек даңғылымен қиылыстағы көпірден зат тиелген автобус құлап кеткен. Алдын-ала ақпар бойынша жүргізуші көлік рөлін басқара алмай қалған. Нәтижесінде түрлі жарақат алған жолаушы - 33 жасар ер адам ауруханаға жеткізілген.


Жаңалықтармен бөлісу: