Алматы. 4 мамыр. ҚазТАГ – 3 мамырда Полиция Алматыдағы митинг қатысушыларының видеосына түсіп қалғандарды «әңгімелесуге» шақыра бастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маған полицейлердің соңғы айтқандары: «Біз тағы да алдағы күндері сізді әңгімелесуге шақырамыз, сізге телефон шалуымыз мүмкін». Мен жаңа ғана толық түсініктеме жаздым. Мен түсініктемеде митингте болғанымды, бірақ ештеме деп ұрандатпағынымды, ешкіммен байланыспағанымды, тек видеоға түсіріп тұрғанымды көрсеттім», - деді ҚазТАГ ХАА тілшісіне жағдайды түсіндірген Нысапкүл Еркінова, оны жұма күні Медеу ауданы полиция басқармасына (ПБ) шақырған екен.
Ол полицейлерден ПБ-на неге шақырғандарын сұраған.
«Олардың жауабы мынадай болды: «Сіз ортасында жүргенсіз және видеоға түсіп қалғансыз. Сол үшін шақырдық». Мен түсініктеме жаздым, олар маған мені соттамайтындарын, тек алдағы күндері әңгімелесуге шақырулары мүмкін екенін, егер оған қажеттілік болмаса олардың басшылығы мені мазаламайтынын» мәлімдеді», - деді митингке қатысушы.
Ол нақтылағандай, полицияда одан басқа тағы бірнеше адам болған, оларды да әңгімелесуге шақырған екен.
«Олар менің көз алдымда адамдарды шақырып жатты. Ол жерде менен басқа тағы үш адам күтіп отыр екен. Маған олардың да митингке қатысушылар екенін айтты. Оны маған полицейдің өзі ол адамдардың митингке қатысқандарын айтты. Ол маған олардан да басқа адамдарды әкеліп жатқандарын айтты», - деген Еркінова тағы бір әйел мен екі ер адамның «әңгімелесуді» күтіп отырған айта кетті.
Еске салсақ, 1 мамырда шамамен 80 адам Нұр-Сұлтан мен Алматыда бейбіт шерулер барысында ұсталған. Қарсылық акциялары басқа қалаларда да болған. Көшеге шыққан азаматтар сайлауға бойкот жариялауға шақырған, елорданың атауын өзгертуге және АЭС құрылысына қарсылықтарын білдірген, сонымен қатар Алматыда ұсталған белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековке қолдау білдірген. Олар Алматы Марафоны барысында «От правды не убежишь», #УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN жазулары бар плакаттарды ұстап шыққандары үшін 15 тәулікке қамалған болатын.
Қарсылық акциялары 1 мамыр күні еліміздегі басқа да ірі қалаларда болған. Полиция митингтерді заңсыз деп атап, митингке шыққан азаматтардың әрекеттеріне заң жүзінде баға беруге уәде еткен.
Ұсталғандарға қатысты сот отырыстары 2 мамырда басталды. Күш құрлымдарының көптеген бұзушылықтары мен іс материалдарындағы сәйкес келмеушіліктерге қарамастан сот алдына барғандар айыпты болып танылды. Әлі күнге дейін 1 мамырдағы митингке қатысқаны үшін қанша алматылықтың ұсталғаны белгісіз. ІІМ 30 азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Сотта митингке қатысушылардың мүдделерін қорғаушы Гүлнара Жуаспаева СМАС-қа 1-нен 2 мамырға қараған түні келгенде ол жерде өзінің әріптестерін, кезекші адвокаттарды көргенін айтты. Олардың айтуынша оларды сотқа шақырған, себебі 50 әкімшілік істі қарау күтілген.
Полиция Алматыдағы митинг қатысушыларының видеосына түсіп қалғандарды «әңгімелесуге» шақыра бастады
