Полиция әділ сайлау үшін шыққандарды Алматы Марафонына қатысушыларды «сыйламағаны» үшін айыптады

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Полиция әділ сайлау үшін шыққандарды Алматы Марафонына қатысушыларды «сыйламағаны» үшін айыптады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кез-келген келісілмеген әрекеттің азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескерер болсақ, Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшелерінің қиылысында қолдарында «От правды не убежишь», #У меня есть выбор, #ADILSAILAYUSHIN деген плакаттары бар бір топ адамдардың шыққаны белгілі болды. Жол бойына оларды суретке түсіргісі келгендер жүгіріп шығып жатты, осылайша марафон қатысушыларының қозғалысына кедергі келтірді: ол жерде адамдар тапталып, байбалам туып, оның салдары да қайғылы болуы мүмкін еді. Оның үстіне құқықбұзушылар тарапынан марафон қатысушыларын сыйламау байқалды», - деп мәлімдеді дүйсенбі күні Алматы полициясының департаментінде.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция қызметкерлерінің заңға қарсы әрекеттерін тоқтату талабына жастар мойынсұнбаған.
«Олар өздерінің құжаттарын көрсетуден және мәлімет беруден бас тартқан. Соған байланысты олар Бостандық ауданы Полиция басқармасына жеткізілген. 1984 және 1998 жылы туылған екі белсенді қатысушыға қатысты ҚР ӘҚбК 488 бабы 3 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыс, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік материалдар жиналды», - делінген полиция хабарында.
Департамент ақпары бойынша акцияның басқа қатысушыларымен «құқықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілген».
Еске салсақ, 21 сәуірде Алматы соты екі белсендіні –Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толыбековты ҚР ӘҚбК 488 бабы 3 бөлімі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Аталмыш шешімді қоғам өкілдері айыптап жатыр.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтеді.

adimage