Полиция көлігі Қостанайда жеңіл көлікпен соқтығысу кезінде аударылып кетті

Күні: 17:11, 03-09-2018.

Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Полиция көлігі Қостанайда жеңіл көлікпен соқтығысу кезінде аударылып кетті, деп хабарлады «Алау».
«ЖКО Набережная мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орын алған.  Полиция көлігі мен «ВАЗ» маркалы көлігі соқтығысқан. Соққы салдарынан полицияның «УАЗ» көлігі аударылған», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, жол апаты шамамен 13.00 болған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпар жоқ.  


Жаңалықтармен бөлісу: