Полиция Шудағы адам өліміне әкеп соққан атысқа қатысы барларды ұстады

Тараз. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Полиция Шудағы адам өліміне әкеп соққан атысқа қатысы барларды ұстады, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсынан.
«Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, үшіншісіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша оны да УҰИ-ге қамауға алу сұрағы шешілетін болады», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатов.
Сонымен қатар үшінші күдіктіге қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Тергеу амалдары жалғасуда.
ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі 1 тармағы бойынша (адам өлімі) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

adimage