Полиция Текелідегі бейнебақылау жүйесіне Т212 млн жұмсамақ

Талдықорған. 5 тамыз. ҚазТАГ – Полиция Текелідегі бейнебақылау жүйесіне Т212 млн жұмсамақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Полиция департаменті" ММ; атауы – мамандандырылған жүйе; қосымша сипаттамасы – Техникалық сипаттамаларға сәйкес Текелі бейнебақылау жүйесінің жабдықтары; жоспарлы сомасы – Т211 682 142,86», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында сәрсенбіде орналастырылған лот сипаттамасында.
Күтіліп отырғандай, конкурсқа қатысуға алдын ала өтінім қабылдау 19 тамыз сағат 9.50-де басталып, 4 қыркүйек сағат 11.00-де аяқталады.
«Сатып алынатын жабдық қолдағы жабдықты және лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруды Алматы облысының ПД ҚАПББ (Текелі қаласы ПБ) аумақтық бөлімшелерін сыртқы бейнебақылау жүйелерін толық жабдықтауға арналған», - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.

adimage