Полиция жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады

Шымкент. 19 қазан. КазТАГ - Полиция жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, деп хабарлады «Отырар».
«Полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында бөлімге 1996 жылы туған күдікті азаматша жеткізілді. 18 қазанда Шымкент полициясына Рысқұлов көшесіндегі қоқыс жәшіктерін тазалау барысында «ЛТД-Турмыс» ЖШС жұмысшысының ішінде кіндігі кесілмеген жаңа туған сәбидің денесі бар пакет тауып алғаны туралы хабар келіп түскен», - делінген хабарда.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 100 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сәбидің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жолданған.
Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201 бабы бойынша тергеу амалдарының құпиялығын сақтау мақсатында жария етуге жатпайды.

adimage