Полторанин қазақстандық дипломатшылармн байланысқа шығудан бас тартуда

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин қазақстандық дипломатшылармен байланысқа шығудан бас тартуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әзірге, Полторанин байланысқа шығудан бас тартуда. Біздегі ақпаратқа сүйенсек, ол консулмен кездеспеген», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев парламент мәжілісінің кулуарында.
Ол атап өткендей, қазақстандық тараптың австриялық құқыққорғаушыларға сенбеуге еш негізі жоқ.
«Бізде сенбеуге негіз жоқ және біздің спортшы секілді, австриялық спортшылардың да кінәсін мойындау туралы хабарламалар теріске шығарылмады. Спортшыларға қатысты ыңғайсыз жайт орын алды. Допингпен күрес, спортшылармен ашық диалог секілді ұстанымға әрқашан да мән беріп келеміз. Біз таза спортқа, сондай-ақ біздің барлық спортшылар үшін бірдей жағдай жасауға екпін қоюдамыз. Қазақстан ЮНЕСКО-ның тиісті конвенциясына қосылды және барлық осы стандарттар пысықталуда», - деп мәлім етті спортшылар тарапынан бұзушылық деректерінің «әлі де кездесетінін» атап өткен Ашықбаев.
Еске салсақ, 27 ақпанда Австрия құқыққорғау органының қызметкерлері Германия прокуратура қызметкерлерімен бірге халықаралық допингтік желіге қарсы операция өткізді, соның аясында Зефельдте шаңғы спорты бойынша чемпионатта бірнеше құрама командаларға жеті тінту жұмыстарын жүргізіп, допингке қарсы заңнаманы бұзған деген күдікпен Австрия құрамасының екі спортшысын, Қазақстанның бір спортшысын, Эстонияның екі спортшысын ұстады. Кейін белгілі болғандай, ұсталған қазақстандық Алексей Полторанин болып шықты.
Тергеу ақпарынша, коммерциялық спорттық алаяқтық және тиым салынған препараттар мен допинг тәсілдерін пайдаланған деген күдікпен Германияда спорт дәрігері, дәрігер С.Маркпен байланысты қылмыстық топ анықталды. Австриялық құқыққорғаушылар қылмыскерлердің Эрфурт қаласында әрекет еткендерін және бірнеше жыл бойы спортшыларға допинг ұсынып келгендерін мәлімдеді.
1 наурызда белгілі болғандай, Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Австрияда қан допингін қолданғанын мойындаған. Халықаралық шаңғы спорты (FIS) федерациясы Полторанинді және тағы төрт спортшыны жарыстарға қатысудан шеттетті.
Шаңғы спорты бойынша әлем чемпионаты Зефельдте 20 ақпаннан 3 наурыз аралығында өтіп жатыр.


adimage