Порошенконың блогы экзит-поллдың нәтижесі бойынша Жоғары рада сайлауында көш бастап тұр

Күні: 10:53, 27-10-2014.

Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ - Украина президенті Петр Порошенконың блогы экзит-поллдың  нәтижесі бойынша Жоғары рада сайлауында көш бастап тұр, деп хабарлады ресейлік БАҚ.
Жоғары радада мезгілінен бұрын сайлау аяқталды. 5 пайыздық кедергіден жеті партия өтті:   «Петр Порошенконың блогы» (23,1%),  Арсений Яценюктың «Халықтық фронты» (19,7%), «Өз-өзіне көмек» («Самопомощь») (11%), Оппозициялық блок (9,9%),   Олег  Ляшконың радикалдық партиясы (6,6%), «Еркіндік» ЖБ ( ВО «Свобода» )(5,8%),   «Батькивщина» ЖБ (5,8%).
Еске салсақ, Жоғары рада сайлауына 29 саяси партия қатысты. Ел парламентіне барлығы партия тізімі бойынша 225 депутат және мажоритарлық жүйе бойынша 213 депутат сайланды, Қырым депутаттары мен Украинаның шығысындағы округтердің бақылаудағы сепаристеріне бөлінген орындар бос қалып отыр. Бұрынғы президент Виктор Янукевичтің өңірлеріндегі партия сайлауға қатысудан бас тартты.  
Сонымен қатар өздерін «Халық республикасы» деп жариялаған содырлар бақылауындағы Донецк және Луганск облыстары аумағының бір бөлігіндегі сайлау учаскелері ашылмағаны айтылады. Украинаның ОСК сәйкес Донецк облысының 21 сайлау округінің 9-ында, Луганскінің 11 округінің 6-уында сайлау болмаған.  Донбаста тек украин күштері бақылап отырған аумақтарда ғана сайлау учаскелері жұмыс жасаған.  
Сонымен қатар аннексияланған Қырым аумағында тұратын украиндықтар да дауыс бере алмады.  
Жалпы Рада сайлауына Украинаның шығысындаы 3 млн-дай адам мен Қырымдағы 1,8 млн адам қатыса алмаған.  
Ел сыртында 112 шетелдік сайлау учаскелері жұмыс жасап тұрды. Мысалы, Ресейдегі сайлау учаскелеріне сайлауға қатысу құқығы бар Украинаның 2-3 млн-дай азаматы келу керек болатын,  
ДХР мен ЛХР  2 қарашада өз сайлауларын өткізуге ниетті, ал ол Киев билігінің тарапынан қатаң сынға ұшырап отыр.  


Жаңалықтармен бөлісу: