Портфельдік инвестициялар бойынша 2018 жылдың тоғыз айында капиталдың таза әкетілуі 3,1 млрд АҚШ долларын құрады

Күні: 11:55, 05-11-2018.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Портфельдік инвестициялар бойынша 2018 жылдың тоғыз айында капиталдың таза әкетілуі 3,1 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.  
«Шетелдік тікелей инвестициялардың әкелінуі 1,8 есе өсіп, 5,2 млрд АҚШ долларын құрады. Шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық резиденттер алдындағы өздерінің борыштық міндеттемелерін өтеуі және бейрезиденттердің кірістерін қазақстандық кәсіпорындардың капиталына қайта инвестициялау олардың әкелінуінің Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 3,1 млрд АҚШ долларын құрады», - деп хабарлады дүйсенбіде ҚРҰБ.  
Ұлттық банкте түсіндіргендей, капиталдың әкетілуі резиденттердің қазақстандық кәсіпорындар мен банктердің олар бұрын шығарған еурооблигацияларды өтеуі, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың нарықта өз акцияларын және жаһандық депозиторлық қолхаттарды сатып алуы, сондай-ақ резиденттердің қайталама нарықта ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын сатып алуы нәтижесінде міндеттемелерінің азаюымен байланысты.
«Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 30,0 млрд АҚШ доллары болып бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 8 айын қаржыландыру қажеттілігін өтейді», - деді қаржылық реттеуші.


Жаңалықтармен бөлісу: