Президент Қазақстанның Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды

Күні: 17:58, 24-06-2021.

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген бейсенбі күнгі хабарламада.


Жаңалықтармен бөлісу: