Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Майлыбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тартылды

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылмады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақпаратты растаймыз ( Бағлан Майлыбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішінің қанағаттандырылмағаны туралы - ҚазТАГ)», - деді агенттік тілшісіне сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Еске салсақ, 2017 жылдың 12 қаңтарында ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаев пен президент әкімшілігінің қызметкері Николай Галихинді ұстап, ҚР ҚК 185 бабы 1 және 2 бөлімдерінде (мемлекет құпиясын заңсыз жинау, тарату, жария ету) қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен тергеу изоляторына тоғытты.
2017 жылдың маусымында Майлыбаев бес жылға сотталып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды, Галихин – төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, үш жылға дейін мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды. Екеуі де кінәларын мойындады. Құпиялылыққа байланысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.
2019 жылдың 1 наурызында ҚазТАГ ХАА Майлыбаевты қауіпсіздігі төмен абақтыға ауыстырудан бас тартылғанын жеткізді   – ол қауіпсіздігі орта деңгейдегі абақтыда жазасын өтеп жатыр.

adimage