Президент әкімшілігінің экс-меминспекторы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Қонаев. 3 қазан. ҚазТАГ – Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
«Алматы облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Рақымбеков 2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, әр жылдары Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

adimage