Президент Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновты қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады

Күні: 17:31, 25-07-2019.

Астана. 25 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты І дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қзыметінен.
«Қаулы етемін: Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын: І дәрежелі «Айбын» орденімен Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы; ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы», - делінген бейсенбіде Ақордада жарияланған Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» жарлығында.
Хабарда атап өтілгендей, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК екі инспекторы жарақат алды. Олардың біреуі ауруханаға жеткізілгенге дейін көз жұмған.
Кейін Ақмола облысы полиция департаментінде хабарлағандай, арнайы құрылған шұғыл-тергеу тобы күдіктілерді ұстау бойынша шаралар кешенін жүргізуде. Полицейлер шұғыл ұстау жоспарын енгізді, Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылған, күдіктілердің көлігіне қатысты ақпарат патрульдік қызметтің барлық жасағына берілді, Жарқайың және көрші аудандардың аумағына 10 блокбекет орнатылды
Сейсенбі күні кешкісін ІІМ адам өлімі дерегі бойынша тергеу ведомство басшылығының бақылауында екенін, және ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаевтың тапсырмасы бойынша Ақмола облысындағы инспекторларға шабуыл жасау ісін ашу үшін криминалдық полиция департаментінің орынбасары бастаған ІІМ орталық аппараты қызметкерлерінің тобы жөнелтілгенін мәлімдеді.
Сол күні кешкісін ведомствода атап өтілгендей, жүргізілген шұғыл-іздестіру шаралары кешенінің нәтижесінде Ақмола облысы ПД қызметкерлері аңшылық шаруашылық қызметкерлеріне шабуылдаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, 45 жасар күдікті мен оның 20 жасар ұлы, екеуі де Арқалық қаласының тұрғыны, полициядан жасырынып, көліктерінен құтылғысы келген, алайда ақмолалық полицейлердің шұғыл әрекет етуінің арқасында олар Қостанай облысының аумағында ұсталды


Жаңалықтармен бөлісу: