Президент Жаңаөзенге барғаннан кейін үкімет отырысын осымен үшінші рет кейінге қалдырды. Неге?

Күні: 18:32, 26-12-2011.

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ - Ирина Нос. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзенге барғаннан кейінгі алғашқы үкімет отырысы тағы кейінге қалдырылды. Министрлер кабинетінің сендіруінше, ол енді сәрсенбі, 28 желтоқсанда өтеді. Біздің ойымызша, министрлер кабинеті отырысының бірнеше рет алдын ала хабарланып, кейінге қалдырылуы әсіресе Маңғыстау облысындағы жаппай тәртіпсіздіктер жағдайында  болжауға боларлық.

Бұл мәселеге қатысты қаншама халық пікір білдірді, нақты санын есептеу мүмкін емес. Біз басқа сұрақ қойғымыз келеді: Жаңаөзендегі қайғылы оқиғалардан кейін лауазымды тұлғаларды қызметтерінен босату, әлі жүзеге асырылмаған отставкалардан кейін не өзгереді?

«Үкімет отырысы 28 желтоқсанға ауыстырылды, уақыты - 15.00», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада. Мұның алдында үкімет 26 желтоқсанда, дүйсенбі күні 11 айдың қорытындысын шығармақ болған, кейін 27 желтоқсан, сейсенбіге айыстырды. Сәрсенбіге белгіленген отырыстың күн тәртібі белгісіз болып қалуда.

ҚазТАГ тілшілері бірқатар сайттарға, соның ішінде премьер-министрдің сайтына да жедел-мониторинг жүргізді.

Сонымен, 22 желтоқсаннан бері өзін Жаңаөзендегі мұнайшылардың бірнеше айға созылған ереуілімен әлем қоғамдастығына танытқан Маңғыстау облысының енді жаңа әкімі бар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев мұнайлы өлкені ұзақ жылдар бойы басқарып келген Қырымбек Көшербаевты экс-сенатора, бұрынғы ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановпен алмастырды.

Ақтауда өткен актив жиналысында президент «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы етіп мұнайшы Ләззат Қиыновты тағайындады. Ләззат Қиыновтың компанияға оралуымен бірге кезінде өздеріне байланысты емес себептермен кетіп қалған кәсіпқойлар да оралады деп болжаймыз.

«ҚазМұнайГаз» БӨ компаниясына да жаңа басшы келді. Бұл қызмет Маңғыстау жеріне таныс емес Алик Айдарбаевқа бұйырды. Жұрт алдындағы алғаш рет сөйлеген сөзін ол Жаңаөзен мұнайшыларынан бұрынғы басшылықтың әрекеттері үшін кешірім сұраудан бастады.

Қазан айында ғана ҚазМұнайГаздың бірінші басшысы болып тағайындалған Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз» БӨ бас директоры Асқар Балжановтарға қандай қызмет тиетіні әлі белгісіз.

Енді Тимур Құлыбаев туралы бірер сөз. 22 желтоқсаннан бері интернетте президенттің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы қызметке кететіні туралы айтқаны қызу талқыланып жатыр. «Мен «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Тимур Құлыбаевты қызметтен алу туралы шешім қабылдаймын», - деді президент «Хабар» телеарнасының эфирінде.

Мемлекет басшысы ҰӘҚ басшысының алдағы отставкасының себептерін де жанама түрде түсіндіріп өтті: еңбек дауы дер кезінде шешілмеген, жұмыс берушілер жұмысқа маңызды себептер бойынша келмеген жұмыскелерді де заңсыз түрде жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған.

Бірақ премьер-министрдің сайтында да бұл бейне жарияланғанымен, толығымен емес, үзік-үзік берілген. Онда Н.Назарбаевтың Құлыбаевты мемлекеттік холдинг басшысының қызметінен босататыны туралы айтқан сөзі де жоқ. Бұл ойландыратын жағдай …

Айтпақшы, мемлекеттік БАҚ-тарда, түптеп келгенде, премьердің сайты да оған жатады деуге болады, түсініксіз тақырыптарды және жайсыз оқиғаларды айналып өту тәжірибесі қолданылады. Тимур Құлыбаевты жайсыз фигура деп еш айта алмайсыз. Оның жұмыстан босатылатындығы туралы елбасының мәлімдемесін де республиканың ақпараттық саласынан алып тастай алмайсыз.

Интернет қауымдастық та бұл мәлімдемеге «Құлыбаевты қалай жұмыстан шығарды» деген бейнероликпен жауап қатты. Ол да қазір қазақстандық шындықтағы нышанды болып кеткен «Хабарды қосыңыздаршы: мен бәрін ұмытқым келеді...» деген сөзбен яқталады.

Бірақ 22 желтоқсаннан бері «Самұрық-Қазына» мемхолдингінде бастық аусатыны туралы жаңалық айтылмай кетті. Бұған қатысты болжам жеткілікті болды. Әсіресе, жұма күні мемхолдингтегі ақпаратқа қанық дереккөзінің хабарлауынша жабық жағдайда топ-менеджменттің жиналысы өткенін ескерсек.

ҚазТАГ ондай отырыстың өткендігін ғана біледі, бірақ күн тәртібінде не айтылғанын білмейді. Маңғыстаулық оқиғалар тұрғысынан және елбасының мәлімдемесіне қарағанда, әңгіме осы мемхолдингтің басшысы қызметіне кім келеді деген туралы болса керек.

Жұма күні 23 желтоқсанда да, сенбі күні, 24 желтоқсанда да бұл қызметке кім келетіндігі туралы хабар болмағандықтан біз енді оқиғаның бұдан ары қалай өрбитіндігі туралы өзіміздің көзқарасымызды танытсақ.

Президент Нұсұтан Назарбаевөзін бірнеше рет қазақстандық элитаға қатысты қатаң саясаткер ретінде, әсіресе ол өз туыстарына қатысты болғанда да таныта алды. Біз бұған дейін үлкен саясат оны қызықтырмайды деп мәлім еткенімен Құлыбаевтың үлкен мемхолдингтен жұмыстан кетуін аздап артқа шегініп, кейін қайтадан үлкен саясатқа келу жолын қарастырып отырмыз.  

Маған Құлыбаев Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы белді рөл атқарып жүрген  «Kazenergy»қауымдастығының басшысы ретінде де мұнымен табысты айналыса алатын сияқты.

Мемхолдингтің өзінде оның басшылығына қазіргі премьер-министр Кәрім Мәсімов келеді деген әңгіме айтылуда. Сонымен қатар оған Қазақстан, Беларусь және Ресей құрған Еуразиялық экономикалық комиссия құрамында қызмет болады деп айтылған болатын. Оның үстіне БЭК елбасылары Мәскеуде жаңа ұлттық деңгейден жоғары тұратын органға суперкәсіби мамандар, оның ішінде қазір қызмет атқарып жүргендері мен үкіметтің бұрынғы мүшелері де енеді деп мәлім еткен.  

Айталық Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ны басқарып кетсін делік.

Онда үкімет басына кім келеді? Оның барлығы мәжіліске мезгілінен бұрын өтетін сайлауға да байланысты болады. Әңгіме бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев туралы болып отыр. Ол үстелді дөрекілеу түрде тарс еткізіп соға алады. Ол қазіргі үкімет басшысынан да қатаң бола алады.

Тағы бір көзқарас бойынша ҰӘҚ-ға қазіргі экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовты қайта әкеледі деген де пікір бар. Ол да мүмкін. Ол ҰӘҚ башылығына қайтып келісімен Жаңаөзендегі оқиғаның қайталанбасы үшін не істеу керектігінің ең қарапайым рецептін бере алады. Біз қазір де ол рецепті айта аламыз: адамдарға лайықты жалақы төлеңіздер...

Болжам айту қайрымыды іс емес екенін ескере отырып, біз аты аталған тұлғаларға ғана тоқтайық. Нақты іс жүзінде үкімет компания жұмысшыларының жұмыс берушілерге талаптарының негізі барлығын мойындағаны да шындық.


Жаңалықтармен бөлісу: