Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – ҚР үкіметінің мүшелері жұма күнгі кезекті отырысында президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық жоспар жобасын мақұлдады, деп хабарлады премьер-министр баспасөз қызметінен.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Үкімет 2015-2019 жылдарға арналған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына өзгертулер мен толықтыруларды, сондай-ақ 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлерін қарап, мақұлдады. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпы ұлттық жоспар жобасын ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев таныстырды. (...)Ұсынылған Жалпы ұлттық жоспар жобасын ҚР Үкіметі мақұлдады», - делінген жұма күні үкімет басшысының сайтында жарияланған хабарда.
«Жалпы ұлттық жоспар жобасы «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға бағытталған, ол келесі бағыттар бойынша 25 іс-шарадан тұрады. Біріншісі – ұлттық қордан 500 млрд. теңге көлемінде екінші траншты, сондай-ақ 2015-2017 жылдарға жыл сайын 3 млрд. доллар бөлу бойынша сәйкес шешімдерді әзірлеп, Мемлекет басшысына қол қоюға ұсыну. Бұдан өзге, Ұлттық қордан мақсатты трансферттер бөлу мақсатында республикалық бюджет жобасына сәйкес өзгерістер енгізу қарастырылған», - деді Е.Досаев.
Екіншісі – «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты аясында 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жасау. Мемлекет басшысының Жолдауында болашақ бағдарламаның жеті негізгі бағыты жарияланды, олар Жалпы ұлттық жоспарда түпкі нәтижемен жеке іс-шаралар түрінде қамтып көрсетіледі.
Үшінші бағыт – халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жасау. Президент жолдауына сәйкес Жалпы ұлттық жоспарға ШОБ дамыту үшін несие желілерін тарту, сондай-ақ жылу және сумен қамту жүйелерін өңірлік деңгейде жетілдіру бойынша жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар енгізілді.
Бұдан өзге, Жалпы ұлттық жоспарда Ұлттық қордан екінші транш аясында бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын келесі іс-шаралар жеке қамтылған: Проблемалық несиелер қорын қосымша капиталдандыру, ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған нысандар құрылысы, Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшу-қону жолағын жөндеу.
«Жалпы ұлттық жоспар Мемлекет басшысы Жолдауының барлық ережелерін қамтиды және «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізі болуы тиіс», - деп қортындылады Е.Досаев.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның СІМ Қытаймен визасыз режим екі-үш айда күшіне енеді деп күтуде29 Мамыр 2023, 19:31
-
Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды29 Мамыр 2023, 19:20