Президенттің кезектен тыс сайлауы өткен жағдайда оның қайдан қаржыландырылатыны жайлы ҚР ҰЭМ айтты

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ - Президенттің кезектен тыс сайлауы өткен жағдайда оның қайдан қаржыландырылатыны жайлы ҚР ҰЭМ Руслан Дәленов айтты.
«(ҚР президентінің – ҚазТАГ) кезектен тыс сайлауына жалпы, қаржы белгіленіп қоймайды. Кез келген кезек күттірмейтін шығындарға қарастырылған үкімет резерві бар. кезектен тыс сайлау болсын, не болмаса кезек күттірмейтін кенеттен пайда бола шығын болсын, егер сондайлар орын алып жатса, олар үкімет резервінен қаржыландырылады», - деді журналистерге сейсенбі күні үкімет кулуарында Дәленов.
Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады. Кездесу барысында қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Кейін белгілі болғандай, Тоқаев Астана уақытымен сағат 13.00-де республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу жариялайды.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысы қызметіндегі өз өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Кезекті президент сайлауына дейін мемлекетті сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болады.

adimage