Проблемалы кредиттер қорын Дәулет Бекберген басқарды

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-ны Дәулет Бақберген басқарды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 871 бұйрығымен «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып Бақберген Даулет Бақбергенұлы тағайындалды. Оның  тағайындалғандығы туралы бұйрыққа ҚР қаржы министрі Алихан Смаилов қол қойды», - деп хабарлады сейсенбіде қаржы министрлігінен.  
Бұған дейін, Бақберген Даулет Тәуелсіз директор ретінде «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ал оған дейін 2017 жылдың қарашасынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болған.

adimage