Профессор Абай БАЙГЕНЖИН: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСУШАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АУЫР КЕСЕЛДЕРДІ ЕМДЕУДЕ ТАБЫСПЕН ҚОЛДАНУДА

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ - Валерий Новиков. Қазақстан-американдық бірлескен «Ғаламдық лидерлікке қол жеткізу» жобасы аясында Астанадағы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми орталығында  алғашқы төрт американдық азаматты емдеу табысты аяқталды. Ауыр неврологиялық кеселмен аурып жүрген шетелдік азаматтарды кешенді тексеру және адамның діңдік жасушаларын пайдаланып емдеу жүргізілді. Қазір ол пациенттер өздерін жақсы сезінеді және ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.  

ҚазТАГ тілшісі Ұлттық ғылыми медицина орталығының  директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Абай Байгенжиннен осы жағдайға түсініктеме беруін сұраған еді.

 

- Мұндай ынтымақтастық қалай пайда болды?

 

- Үш жыл бұрын, біз өзіміздің зерттеулерімізде үміт етерлік нәтижелер ала бастағанымызда, мен АҚШ-тың Колумбия университетінде жасушалық технологиялар саласындағы қазақстандық жетістіктер туралы баяндама жасадым. Америкалық мамандар біздің жетістіктерімізге қызығушылық танытып, біздің жетістіктерімізді қайта тексеріп, олардың нақты екендігіне, біздің қазақстандық дәрігерлердің кәсіби деңгейінің жоғары екендігіне көздері жетті. Бізге денсаулық саласындағы жоғары білікті мамандар келіп, біздің емдеу тәсілінің ешқандай зияны жоқтығына өздерінің көздерін жеткізіп кетті.

Соның қорытындысында біздің Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында «Діңдік жасушаларының Мастер-Банкі» өндірістік зертхана құрылып, ол FDA-дан (АҚШ) сертификатталып, FDA талаптарына сай қазақстандық технологиялар АҚШ территориясында сынақтан өткізілді.

FDA департаменті АҚШ-тағы барлық емдеу тәсілдерін, дәрі-дәрмектерді биологиялық қоспаларды серитификаттап және лицензиялайды. Мұның рұқсатынсыз бір де бір американдық азамат күмәнді емделу тәжірибесіне бармайды. Бұл өте беделді және сыйлы мекеме. Және мен осы американдық мекеменің американдық азаматтарды емдеуге берілетін рұқсаты бізде барлығын мақтан тұтамын.

Сондықтан американдық серіктестер өздерінің пациенттерін бізге жібереді. Жоба тек қана бірлесе зерттеу жүргізуді ғана емес, сонымен қатар біздің базалық клиникада американдық пациенттерді емдеуді де қарастырған. Науастарды емделу мен оған қарауға кететін шығынды американдық тарап төлейді.

Одан да зорын айтсам – Сауд Арабиясынан науқастардың үлкен тобын емдеуге келісімшарт жасалып отыр. Олар көктемге, жылы маусымға қарай келеді. Ондай келісім Ресеймен де жасалды.

 

- Кеселдің қандай түрлерін жасушалық технологиялармен емдеудің мүмкіндіктері бар?

 

- Жасушалық технологиялар тек қана неврологиялық науқастардың түрлеріне ғана емес, мысалы, ұмытшақтық склерозында ғана емес, басқа ауыр диагноздарда да көмек бере алады. Нақтырақ айтсақ, бауыр циррозының жекелеген түрлерінде... онымен біз бұрынан айналысудамыз және үміт етерлік нәтижелер бар. Бірнеше әйел бізде емделіп, кейін нәрестелі де болды. Ал бұрынғы кеселімен ол мүмкін емес еді. Олар біздің, қазақстандық әйелдер.

Қант диабеті, әсіресе екінші түрі айтарлықтай емге көнеді, бұл жерде бізде өте жақсы нәтижелер бар. Буын ауруларына байланысты кесел түрлері, кейбір жүрек аурулары, көз ауруының микрохирургиясы, ЛОР-патология сынды аурулар түрлерін айта аламын.  

 

- Мұндай зерттеулер арзан емес екені белгілі. Ол жеткілікті қаржыландырыла ма?

 

- Бұл ең алдыңғы қатарлы және заманауи зерттеулер, және олар көп қаржыны қажет ететіні сөзсіз. Онсыз медицинадағы алдыңғы қатарлы позицияға шығу мүмкін емес. Және біз бұл салада қалып қоймауымыз керек – оның үстіне бізде тамаша ақыл иелері мен тамаша жеңіл қолдары бар қазақстандық мамандарымыз бар емес пе. Барлық жасушалық технологиялар тек біздің орталықта ғана жасалуда. Маңыздылығы, біз ресейліктерге қарағанда өзіміздің жетістіктерімізбен емдеуді коммерциялық жолға қоймадық, олар ең бастысы экономикалық мәселе деп шешті. Біз ең негізгісі - медициналық тиімділігі мен абсолюттік қауіпсіздік деп шештік. Бізде тәуелсіз этикалық комитет деп аталатын комитетіміз, дәл біздің тәсілмен көмек көрсету немесе көрсетпеудің  этикалық мәселесін әр жағдайда жеке қарастырады.  

Айтпақшы біздің алдымызда қаржылық қиындық қана тұрмады.

Мен айтпасам болмас, ұзақ уақыт біз беделді профессорлар тарапынан біздің тәсілмен емдеуге, науқастың жасушалық ткандеріне енуге күшті қарсылық та көрдік. Маған бұның ең басты себебі, ол адамдар зерттеулердің соңғы кезеңдерінде өз фамилияларын зерттеушілер тізіміне енгізе алмағандығында сияқты болып көрінеді...

 

- Ал емдеудің бұл тәсілі қазақстандықтар үшін қаншалықты қолжетімді?

 

- Принципті түрде ешкімге де шектеу жоқ, бірақ келесідей тұстарын ескеруіміз тиіс. Біз еліміздегі осы тәсілмен емдейтін жалғыз және онша үлкен емес мекемеміз. Біз мұнымен тек бір жыл айналысудамыз. Бұл аз уақыт. Әрине бұл емделу тәсілі жоғары мамандандырылған қызмет түріне енгізілген және, тағы атап көрсетемін, қазақстандықтарға мүлдем тегін көрсетілетін ем түрі. Бірақ біз ондай науқастарды іріктеп алу мәселесіне өте мұқият қараймыз, себебі біз үшін шетелде «Таңдау жоқ» деп аталатын ұғымды ескеру принципті түрде маңызды. Яғни, науқастың кеселінің басқа балама емі жоқ, ол барлығын көріп шықты және бұл ем оның соңғы үміті. Мен медицинаның негізгі принципі – зияныңды тигізбе дегенді меңзеп тұрмын!  


adimage