ПТР анықтамасының мерзімі өтіп кетуіне байланысты ресейлік Алматы әуежайынан депортацияланды

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – ПТР анықтамасының мерзімі өтіп кетуіне байланысты ресейлік Алматы әуежайынан депортацияланды, деп хабарлады көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен.
«24 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, Корея, БАӘ, Ресей Федерациясы, Грузия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Германиядан 13 халықаралық әуе рейсі келген. «1 420 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 328 адам, анықтамасыз 91 Қазақстан азаматы келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 191 жолаушы, анықтамамен - 184, анықтамасыз – 7 адам келген; Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 229 жолаушы, анықтамамен – 1 145, анықтамасыз – 84 адам келген», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтылағандай, анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарларына орналастырылды және ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. ПТР талдау нәтижесі бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.
«Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Ресей Федерациясының азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланған», - делінген хабарда.

adimage