Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады және Назарбаевпен сөйлесті

Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады және ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесті, деп хабарлады дүйсенбі күні Кремльдің баспасөз қызметінен.  
«Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесті. Телефонмен әңгімелесу барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен шын жүректен құттықтады», - деп хабарлады Кремлден.  
Назарбаевпен әңгімелесу барысында, хабарда атап өтілгендей, «Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастық және стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға баса мән берілді».  
«Ары қарай да тығыз байланыста болу сөз болды», - деді Ресей президентінің баспасөз қызметінен.  

adimage