Путин Транстынықмұхиттық серіктестікті Ресей мен Қытайсыз құруға қарсылық танытты

Күні: 10:12, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Ресей президенті Владимир Путин Транстынықмұхиттық серіктестікті Ресей мен Қытайсыз құруға қарсылық танытты, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі деп жазды kremlin.ru.
«Транстынықмұхиттық серіктестік - АҚШ-тың өзі үшін тиімді өңірлік экономикалық серіктестік сәулетін  құруға деген кезекті әрекеті. Сонымен қатар оның ішінде Қытай мен Ресей секілді өңірде аса ірі ойыншылардың болмауы тиімді экономикалық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бере қоймас», - деді В. Путин ҚХР-ға жасамақ сапарының алдында белді қытайлық БАҚ-тарға берген сұхбатында.
Ресей президенті Транстынықмұхиттық серіктестік аясында нақты неге қол жеткізілгенін бағалау «әзірге күрделі» екенін атап көрсетті.
«Бұл бастаманы алға жылжыту бизнес пен жұртшылық, тіпті келіссөздерге қатысып отырған елдер үшін жабық есік жағдайында өтуде, басқа елдерді айтпағанда. Келіссөздер жүргізіліп жатқан соңғы бес жылда қол жеткізілген табыстар кейін теріске шығарылып жатады. Соңғы рет ол 2013 жылы қарашада Балидегі АТЭЫ саммитінің алдында болды. Хабарда айтылғандай, әңгіме бір жылдан бері тоқтап қалған келіссөздерді жалғастыру туралы болып отырса керек. Оны қайта жалғастыру мерзімі әзірге айтылмады», - деді ол.  
Еске салсақ, В. Путин 9-11 қарашада Қытайда «Азия-тынық мұхит экономикалық ынтымақтастық» (АТЭЫ) форумының елбасылары мен үкімет басшыларының 22-ші кезедсуінің жұмысына қатысады. Онда АТЭЫ форумының экономика көшбасшыларының кезедсуі өтеді.  


Жаңалықтармен бөлісу: