Путин Украинаның төрт облысының Ресейге қосылуы туралы заңға қол қойды

Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ – Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаның төрт облысының Ресейге қосылуы туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ТАСС.

«Путин Донецк және Луганск халық республикаларын, сондай-ақ Запорожье және Херсон облыстарын Ресей құрамына қабылдау туралы төрт федералдық конституциялық заңға қол қойды. Заңдарға сәйкес, жаңа аймақтардың тұрғындары Ресейге қосылған күннен бастап - 30 қыркүйектен Ресей азаматы болып танылады. Ресей азаматтығынан шығуға ниет білдіргендерге өтініш беруге бір ай уақыт берілді», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге қосылуы туралы келісімдерге қол қойылғанын хабарлаған болатын. 3 қазанда тиісті заңды Ресей Мемлекеттік Думасы қабылдады.

Атап өтсек, Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығының бұзылуын мойындамайды және оның егемендігінің сақталуын жақтайды.

adimage