Qazaq Banki АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді

Күні: 11:19, 13-12-2018.

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Qazaq Banki АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енді, деп хабарлады Қазақстан Халық банкі (ҚРХБ) баспасөз қызметінен.
«Алматы қалалық сотының (апелляциялық коллегиясының) 2018 жылдың 29 қарашада түскен шағымды қайтарумен байланысты 2018 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ҚРХБ атап өткендей, жеке және дара кәсіпкерлердің «Qazaq Banki» АҚ-тағы салымдарда орналастырылған, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өтетіп алу құқығы бар.
«Өтемақы жинақталған сыйақы ескеріле отырып, депозит бойынша қалдық сомасы шегінде, бірақ төмендегі ең көп кепілдік берілген сомадан аспайтын мөлшерде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (бұдан әрі – ҚДКҚ) қаражатынан төленетін болады: 10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша, 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша. Бір салымшының «Qazaq Banki» АҚ-та теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған депозиттері бойынша жиынтығы 15 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – баламасы 5 миллион теңгеден аспайды», - деп түсіндірді қаржылық реттеуші.
Хабарда атап өтілгендей, шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді: агентбанкте ақшаны нақты алу күніне қарамастан өтемақы сомасын есептеу үшін 2018 жылғы 12 желтоқсандағы айырбастау бағамы қолданылатын болады. Салымдар бойынша сыйақыны есептеу және капиталдандыру 2018 жылғы 12 желтоқсанда тоқтатылды.
Еске салсақ, 18 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі жұмысының нәтижесіне арналған жиналыста қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭксимБанктің», «Банкастаанның», және Qazaq Banki-нің жұмыстарына нашар деген баға берген болатын. Ол аталмыш банктердің акционерлері бұл қаржы мекемелерін «нашар басқарған» деді.


Жаңалықтармен бөлісу: