Қарағанды. 10 ақпан. ҚазТАГ – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл міндетті Әлішер Әбдіқадыров атқаратын болады. Ол өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестициялар мәселелері бойынша өңірде жетекшілік ететін болады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұған дейін Әбдіқадыров жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2016 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы болды. Ал 2015 жылдан 2016 жылдың шілдесіне дейін Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Еске салсақ, 7 ақпанда ҚазТАГ ХАА QazIndustry орталығы басқармасының төрағасы болып Берік Бекенов тағайындалғанын хабарлаған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34