Әр 15 секунд сайын әлемде бір адам коронавирустен өліп жатыр – БАҚ

Алматы. 5 тамыз. ҚазТАГ - Әр 15 секунд сайын әлемде бір адам коронавирустен өліп жатыр, деп хабарлады Reuters.
«Reuters агенттігінің сәрсенбіде ұсынған мәліметіне сәйкес, COVID-19 дертінен қайтыс болғандардың жалпы саны 700 мың адамнан асқан, бұл ретте АҚШ, Бразилия, Үндістан мен Мексика адам өлімі бойынша көш бастап тұр. Reuters агенттігінің соңғы екі аптадағы мәліметтерге негізделген есебі бойынша, орта есеппен әр 24 сағат сайын COVID-19 дертінен шамамен 5900 адам өлген. Яғни бір сағатта 247 адам немесе әр 15 секунд сайын бір адам өліп отырған», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, Латын Америкасы пандемия жайлаған жаңа ауру ошағы болған, бұл жерде 100 млн астам адам қаланың лас жерлерінде тұрып жатыр, ол жерге әлеуметтік қамту де қолжетімсіз және олар карантин бойы жұмыс жасауға мәжбүр және АҚШ – әлемнің ең бай елдерінің бірі.
«Тіпті вирустың таралуын тоқтатты деген елдердің өзінде жақында жаңа өсім көрсеткіші тіркелген, бұл коронавирустың әлі жеңілмегенін білдіреді. Аустралияда, Жапонияда, Гонконгте, Боливияда, Суданда, Эфиопияда, Болгарияда, Бельгияда, Өзбекстан мен Израильде соңғы кездері аурудың рекордтық көрсеткіші тіркелген», - делінген жарияланымда.

adimage