ҚР 3 өңірі өнеркәсіп бойынша жағымсыз аймақта қалуын жалғастыруда

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанның 3 өңірі өнеркәсіп бойынша жағымсыз аймақта қалуын жалғастыруда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.  
«Өңірлер бөлінісінде экономика саласында барлық жерде өсім бойынша жақсы қарқын байқалуда. өнеркәсіп бойынша 3 өңір жағымсыз аймақта қалуын жалғастыруда: Батыс Қазақстан (-2%), Түркістан (-3,6%) және Қызылорда (-5,3%)», - деді Т.Сүлейменов сейсенбіде үкімет отырысында.
Cондай-ақ, оның айтуынша, республикалық мәннен төмен көрсеткіш, 5,2%, 9 өңірде байқалуда, оларда өсім 0,3%-дан 4,8% дейін.
«Ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірде оң көрсеткіш сақталуда. Fлайда 6 өңірдің көрсеткіші республикалық орташа мәннен төмен – 3,5%. Құрылыс бойынша артта қалып келе жатқан өңірлер саны 2-ден 4-ке көбейді. Бұл ретте Атырау облысында алдыңғы аймен салыстырғанда жағдай жақсарған. Теріс мән  -12,4%-дан   -7,5% дейін қысқарған», - деп түсіндірді Т. Сүлейменов.
Сонымен қатар, министр айта кеткендей, инвестиция бойынша тек Павлодар облысынан басқа барлық өңірде  инвестициялық ағындардың артуы байқалады.  

adimage