Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР 4 өңіріне 2019 жылдың екінші жартысында пилоттық негізде 5G енгізіледі, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«Біз пилоттық негізде жасағымыз келіп отыр. Ол Алматы, Астана, Алматы және Ақмола облыстарында енгізіледі деп шештік. Осы төрт өңірде біз 2019 жылдың екінші жартысында пилот жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деді Д.Абаев сейсенбіде үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, келесі жылы Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) халықаралық электрбайланыс одағы стандарттар қабылдайды, соған сәйкес бүкіл әлемде 5G енгізіледі.
«Біз қазір халықаралық электрбайланыс одағымен осы жұмыстарды жүргіземіз және стандарттар да анықталатын болады», - деді ҚР АЖК басшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34