Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып Мадияр Қожахмет тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Бұған дейін Қожахмет 2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі кезге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
«2003–2008 жылдары — «Қазақстанның жастар конгресі» республикалық жастар ұйымында жұмыс істеді. Жобаларды үйлестірушіден бастап атқарушы директорға дейінгі еңбек жолынан өтті. 2008–2012 жж. Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры, Жастар ісі комитетінің төрағасының орынбасары болды. 2012–2014 жылдар аралығында ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді. 2014–2017 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08