ҚР қаржы вице-министрі Руслан ДАЛЕНОВ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ БОЛАШАҚТА КІРІСТІҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ДЕКЛАРАЦИЯЛАУМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарының тек 5,3%-ы ғана кірісі мен мүлігі туралы декларация тапсырады:    мемқызметшілер, депутаттар, судьялар. ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның қаржы вице-министрі    Руслан Даленов болашақта Қазақстанның қалған азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұруға рұқсаттары барлары да декларация тапсыратын болатынын мәлімдеді. Ал кірісі мен мүлкі туралы декларацияны жеке тұлғалар келер жылдан бастап тапсыруды бастайды. 

 

- Руслан Ерболатұлы, заңды тұлғалар арасындағы қолма-қол есептесу Қазақстанда қашан толығымен жойылады? ҚР-да заңды нормалардың күшіне енгені белгілі. Соған сәйкес заңды тұлғалар арасында қолма-қол есептесу бұрынғы 4 мың айлық есептік көрсеткіштің орнына  1  мың АЕК дейін болуы керек.

 

- Заңнама бойынша 2000 жылдан бастап заңды тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша 4000 АЕК көлемінен асатын (6 472 000 теңге - 2012 жылғы АЕК есебімен) қолма-қол тәртіппен жүзеге асырылатын төлем сомасын шектеу белгіленген болатын.  Ал шекті соманы бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау ішкі істер органы мен қаржы полициясының, ал сондай құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік істі қарау сот ведомстволарының құзырына жатады. 

2012 жылдан бастап ақшаны қолма-қол пайдалану көлемін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына заңды тұлғалар арасындағы қолма-қол соманы 4 мың АЕК-ден 1 мың АЕК-ге дейін төмендету (1 618 000 теңге - 2012 жылғы АЕК есебімен)  мен осы санаттағы бұзушылықтар бойынша хаттама жасауға салық органдарына  өкілеттік беруді белгілейтін өзгерістер енгізілген  (2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап күшіне енді).

Қосымша 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС тетігі бойынша қолма-қол есептесуді реттейтін шара енгізілген. Егер салық төлеушілер бір-бірінен 1 мың АЕК-ден асатын қолма-қол ақшаға  тауар, жұмыс немесе қызмет сатып алар болса, онда мұндай шот-фактура бойынша ҚҚС алынбайды.   Мен мұны заңды тұлғалар арасында есептесуді қолма-қол емес формада жүргізуді ынталандырудың нәтиже беретін негізгі нормасы деп ойлаймын. 

Ал заңды тұлғалар арасында қолма-қол есептесуді толығымен жою, заңды тұлғалардың ірі көлемдегі қолма-қол сомаларын есеп шоттардан алуға шектеу қоюмен тең, бұл көптеген елдердің тәжірибесінде бар, енді ғана зерттелуде, және көлеңкелі экономиканы азайту бойынша жұмыстар аясында шешілетін болады.

 

- ІІМ салық төлемінсіз баспаналарды жалға беретін тұлғаларды анықтау  полицейлердің кәсіптік жұмысы емес деп санайды. Сонда бұл мәселемен енді қаржы министрлігінің салық комитеті айналысу керек  дегенді білдірмей ме? 

 

- 2012 жылдың аяғында қаржы министрлігінің ішкі істер министрлігімен бірігіп барлық деңгейдегі әкімдермен өткізген кеңесінде  аталмыш бизнеспен заңсыз айналысып жүргендерді анықтау бойынша бірқатар кешенді шаралар   қабылдау тапсырылды.   Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуге 9 мыңнан астам кәсіпкер алынды.   Олардың арасынан 5 мыңдайы декларация тапсырды, 362 млн теңге төленді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

- Мемведомство жол жүрісін бұзғаны үшін салынған айыппұлды бір тәулік ішінде төлегендер үшін оның сомасын  50%-ға дейін төмендетуді ұсынды. Осындай ұсыныс ҚР қаржы министрлігіне де түсті ме және осы мәселе бойынша қаржыминнің көзқарасы қандай? 

 

- Айыппұлдарды әкімшілендіру қаржыминнің құзырына кірмейді, алайда айыппұлдар салық түсімдерінің біраз бөлігін құрайды. Салық органдары мұндай төлемдер бойынша жеке шоттар жүргізбейді, бұл ІІМ жұмысы. Әкімшілік айыппұлдар бойынша өсімақы, шотты жабу және т.б. жоқ. Сондықтан жеңілдік түріндегі ұсыныс оның жиналуына әсер етер еді. Мұндай тетік еуропа елдерінің бірқатарында пайдаланылып та жатыр. 

 

- Сондай-ақ міндетті төлемдер бойынша борышкерлерді әкімшілік қамауға алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту керек деп жатыр. Борышкерлерді қоғамдық жұмыстарға тарту керек пе?

 

- Мұндай тәжірибе басқа елдерде бар. Мысалы Швецияда, Италияда, Ресейде салықтар мен айыппұлдарды төлемегені үшін борышкерлерді қоғамдық жұмыстарға жібереді.

 

- Өз кезегінде қаржы полициясы шенеуніктерді мүлік,  транспорт және бағалы қағаздар сатып алу шығындарына декларация тапсыруға міндеттемек.  Бұған қажеттілік бар ма?  

 

- Қазіргі таңда нақты бір тұлғалар ғана кірісі мен мүлігі туралы декларация тапсырады: мемқызметкерлер, депутаттар, судьялар, олар Қазақстан азаматтарының  5,3% ғана құрайды. Осыған байланысты салық салу мақсатында жеке тұлғалардың кірісі мен мүліктерін тиімді бақылауды және салық төлеуден жалтарып жүргендерді анықтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мүліктерін  үшінші адамдарға рәсімдеу жағдайын болдырмауды қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің ірі көлемдегі сатып алуларын бақылау мәселесі жалпыға бірдей декларациялауға көшу аясында қарастырылуда. 

Әрине, өзіңнің жеке шығындарыңның   есебін жүргізудің қажеті жоқ, әңгіме, ірі сатып алулар туралы.  Мәселен, мемлекеттік қызметші мен оның жолдасының  жылжымайтын мүлік, транспорт құралдарын сатып алу шығындарын, жеке тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі, мүлік құны көрсетілген бағалы қағаздар, сондай-ақ сатып алулар жүргізілген қаражат көзі туралы  декларация тапсыруының қосымша талаптарын енгізу көзделуде.   

 

- Мемқызметшілер үшін электронды түрде міндетті жыл сайынғы салық декларациясын тапсыруды енгізу мәселесі шешілудің қай кезеңінде тұр?  

 

- Мемқызметшілер жыл сайын кіріс салығы туралы декларация тапсырып тұру керек, алайда менің ойымша, оны тапсыру тәсілінің өзі оның құқығы болып қалу керек.   Электронды түрде тапсыру, шын мәнісінде, декларацияны өңдеуді жеделдетеді, бірақ бұл кәсіпкерлер арасында өзекті.  Себебі бизнес үшін декларация арқылы салық пен сальдо есептеледі, және мұның барлығын уақытында әрі дұрыс өңдеу керек.   Мұны кәсіпкерлердің өздері де түсінуде, сондықтан бүгінгі таңда  заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің 80%-ы электронды тәсілді таңдап отыр.  

Ал мемқызметшілер үшін декларация беру барынша бақылаушылық сипатқа ие, және оны өңдеу жылдамдығы ештемені өзертпейді.  Сонымен қатар салық есептілігін электронды түрде беру салық органдары үшін ғана емес, есеп беріп отырған мемқызметші үшін де қолайлы - салық органдарына барып, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.   Бүгінгі таңда қаржы министрлігі жүйесінің мыңдаған жұмысшыларының көптеген қызметкерлері мемқызметші ретінде электронды түрде декларация тапсыруда.  Біздің үлгімізге басқа министрліктер мен ведомстволар да жүгінер деп ойлаймын. 

 

- Қазақстанда кірісті жалпыға бірдей декларациялау туралы заң жобасы дайындалғаны белгілі.  Ол, атап айтқанда, нені қарастырады?  

 

- Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстанда тұруға рұққсаттары бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша заң жобасы үкіметтің қарауына кіргізілген. Заң жобасы жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялауға кезеңімен көшуді қарастырады. Бірінші кезеңде декларациялауға мемлекеттік қызметшілер, жеке тұлғалардың барынша дайындалған санаты ретінде ұлттық компания мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері тартылады. Декларацияның екінші кезеңінде Қазақстанның басқа да азаматтары мен, Қазақстанда тұруға рұқсаттары бар тұлғалар тартылады. 

Декларацияның екі түрін бекіту қарастырылуда.

 

- Нақты қандайын?

           

- Мүлік және жинақтары туралы мәліметтерді тіркеу мақсатында декларациялау жүйесіне кірер алдында бір рет тапсырылатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.  Ал жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктері туралы декларацияны  міндеттемелер мен активтер декларациясын тапсырғаннан кейін барып тапсырады. Жыл сайын жеке тұлғалар алынған кірістерін, сондай-ақ тіркеуге жататын мүлікті меншіктен шығару және /немесе сатып алу туралы мәліметті де  декларациялайды. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу - бұл тек заң жобасының қабылдануы ғана емес. Декларацияның түсінікті және ыңғайлы формалары, оларды толтыру ережелері, декларация тапсырудың арзан және қолайлы тәсілдері, соның ішінде электронды түрде, сондай-ақ кейінгі бақылаудың тиімділігі мен дәлдігі болу керек. 

 

- Бұл бағытта атқарылып жатқандар бар ма?

 

- Декларацияның ыңғайлы процедурасын жасау мақсатында декларациялау формасының жобасы анкета түрінде жасалған. Одан басқа, форма жобалары толтыруға салық органдарының қызметкерлерінің арасында тестілеуден өтті. Сондай-ақ халық арасында сынап көру үшін жобалар Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының, Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының, Қазақстан кәсіпкерлері форумының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып пысықталған.

Одан басқа, жеке тұлғаның барлық табыстарын декларациялау бірыңғай декларацияда болады. Оған қосымша салық кезеңінде тек жалақы түріндегі кіріс көрген тұлғалар үшін декларациялаудың 1 парақтық ықшамдалған форматы қарастырылған.

Салық төлеушілерге көмек көрсету мақсатында декларацияны «біртіндеп» толтыру қағидасы бойынша декларация толтыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар әзірленуде. Салық органдарының мәліметтерін қабылдау және өңдеу орталықтарын құру жоспарлануда. Онда жеке тұлғалар поштамен қағазға жазған декларацияларын ұсына алады. Электрондық салық төлеушілер үшін электрондық түрдегі декларацияны растау «логин - кілт» қағидасымен оңтайландырылатын болады.

Тағы бір мәселе - мемлекеттік органдардың мәліметтер базасының дұрыстығын сақтап және интеграциялап отыру (көлік құралдары, жер учаскелері, жылжымайтын мүлік).

Ол жұмыс оларды декларацияда көрсету талабын болдырмау мақсатында қажет, себебі ондай мәліметтерді мемлекеттік органдар - осындай мәліметтер базасын иеленушілер беріп отырады, ал ол декларациялау формасының көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Халық үшін әдістемелік қолдау жасау мақсатында декларацияны толтыру тәртібін түсіндіру туралы телекөрсетулер хабарларының сериясын жасау, сондай-ақ  call-орталықтардың жеке тұлғаларға декларация толтыру тәртібін түсіндіру бойынша жұмысын кеңейту қарастырылуда. Салық төлеушілерге sms-хабар түріндегі немесе телефонға қоңырау шалып, декларация төлейтін уақыттың жақындағаны және салықтық берешектің барлығы туралы хабарлау сияқты қосымша қызмет енгізу жоспарлануда.  

 

- Жалпыға бірдей декларациялауға өткенде қандай нәтиже болады деп күтудесіз?

 

- Халық үшін күтілетін нәтиже әлеуметтік сипаттағы шығындар бойынша салықтық алымдарды қолдану арқылы салық салмағы азаятынын көріп отырмыз. Мысалы, азаматтардың декларациялауға әлеуметтік қызығушылығы үшін  заң жобасымен қосымша салықтық алымдар енгізу қарастырылған: білімге қаражат төлеп отырған тұлғалар үшін оқуға кететін шығын мөлшерінде, немесе олардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу мен оқытуға кететін шығын бойынша, бірақ орта білімге емес; ерікті түрдегі медициналық сақтандыруға кететін шығын бойынша; қарыз беруші банк түрлеріне қарамай, ипотекалық қарыз бойынша сыйақыны өтеуге кететін шығын бойынша.  

Сондай-ақ халық үшін бір артықшылық - жеке тұлғалар үшін салықтық алымдарды өз бетінше қолдану мүмкіндігі болып табылады. Қазір салықтық алымдарды қолдану салықтық агенттерге байланысты. Ал ол салық төлеушінің құжаттарына сенбеушілігі себепті барлық кезде де бірдей оны қолдана алмайды. Заң жобасымен жеке тұлғаларға декларацияда салықтық алымдарды өз бетінше қолдануына мүмкіндік берген, бірақ оның дұрыстығын кейін салық органдары тексеретін болады.

 

- Ресейде Қазақстан мен Беларусиядан спирт импорттағанда акцизді алдын-ала төлеуді енгізуді мақұлдады. Бұл ретте Қазақстандық бизнесмендер спиртті Кедендік одақ (КО) елдерінен импорттағанда Ресейдің аванстық акциз енгізуіне қарсы. Бұл мәселеде ҚР Қаржы министрлігінің ұстанымы қандай?

 

- Шынымен де, Ресей Федерациясының Салық кодексінің 204 бабында акцизделуге жататын тауарлармен амалдар жасағанда акцизді төлеу тәртібі мен мерзімі регламенттелген. Бұл ретте акцизді төлеу ағымдағы салық кезеңінің 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Сонымен қатар қазір Еуразиялық экономикалық комиссия келісім жобасын әзірлеуде, ол бойынша этил спирті мен алкоголь өнімдерінің КО мүше-мемлекеттер аумағына тең кіру мүмкіндігі қарастырылады.

 

- Қаржы министрлігі Қазақстаннан Ресейге күмәнді операциялар арқылы капитал ағымының мүмкін боларлық сомасын анықтағысы келе ме? Бұл мәселе бойынша не белгілі?

 

- Бұл жерде әңгіме Қазақстаннан Ресейге капитал ағымы туралы болып отырған жоқ. Бізде үшінші елдерге, оның ішінде Ресейге де экспортталатын тауарлар бойынша валюталық амалдарға заң деңгейінде бақылау орнатылған.  Бүгіндері Кедендік одақ елдері өзара сауданы бағалауда әр түрлі бағалап кетті, себебі КО ішінде экспорт/импорт бойынша статистика КО елдері арасында алынып тасталған кедендік орган мәліметтеріне емес, мәлімдеу процедурасына негізделген.

Тауарлардың өткендігі туралы кедендік белгінің жоқтығы тауарлар жеткізілді-мыс деп заңсыз ақша аударуда пайдаланылуы мүмкін. Қазақстанда банктер ондай бақылауды жанама салық төленгендігі туралы салық декларациясы арқылы бақылап отырады. Сол себепті ондай сұлбаны Қазақстаннан капитал әкету үшін қолдану мүмкін емес. Іріктеп жүргізілген талдама оны растап отыр. Демек, РФ салық төлеушілері олардың РФ аумағында заңсыз тапқан капиталын офшорларға әкету мүмкіндігі туралы айтуға болады, ал ол РФ органдарының құзыретіне жатады.

 

- Сонымен қатар РФ Орталық банкі росфинмониторингінің баламасын Кедендік одақ деңгейінде  және Біртұтас экономикалық кеңістікте құрмақшы. Қаржы министрлігінің пікірінше, ондай ұлттық деңгейден жоғары орган құру қажеттігі бар ма?

 

- Қазақстан, Ресей және Беларусьтың қаржылық мониторингі жөніндегі қызметтері КО кедендік шекараларын алып тастау себепті ақша жылыстатудың жаңа сұлбаларына қарсы тұруға бағытталған бірлескен шара әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр. Қазір аталған мәселені іске асырудың тетіктерінің бірі қарастырылуда, атап айтқанда - үшінші мемлекеттердегі төлемдер туралы мәліметтері бар орталық банктердің мәліметтер базасын жасау, кейін ақпарат алмасып отыру. Орталық банк күмәнді ақпаратты анықтаған жағдайда, ол қаржылық барлау бөлімшесіне табыс етіледі.

 

- Журналыистердің халықаралық консорциумы - International Consortium of Investigative Journalists (ICIJ) - кең ауқымды жүргізген зерттеулерінің мәліметтерінше,  қазақстандықтардың Британия Виргин аралдарындағы офшорлық аймақтарда жасырынған капиталдары анықталған. Қазақстандықтардың шетелдерде жасырған капиталының жалпы көлемі, мөлшері туралы мәліметтер бар ма?

 

 - Салық заңнамасына сай, жеке және заңды тұлғалар шетелде тапқан пайдасы туралы декларация беруі тиіс. Оның ішінде Британия Виргин аралдарында да, және аталған кіріс бойынша салықтарын төлеулері тиіс. Егер аталған кірістер декларацияда көрсетілмеген болса, ондай азаматтар салықтан жалтарды деп есептелінеді.

Бұл ретте офшорлық юрисдикцияларымен салық мәселелері бойынша ақпараттар алмасу туралы келісімнің жоқтығы себепті Қазақстанда  оның азаматтарының офшорларда жасырынған капиталдары туралы ақпарат алуға құқықтық негізі жоқ.

 

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде садақаларды қабылдайтын электрондық терминалдар енгізу мәселесін қарастыруда. Қазақстанда садақаларға салық қарастырылуы мүмкін бе?

 

- Астана мен Алматыда ондай терминалдар жұмыс істеп тұр. Мешіттер мен қоғамдық орындарда. Бұл жаңалықты қаржы министрлігі қолдап отыр, себебі терминалдар мешіт жұмыстарын ашық ете түседі ғой. Ал шынымен мұқтаж адамдар қажет көмекті алады.

Бүгінге Қазақстанда қайырымдылық қаржыға (садақаға) салық салу қарастырылып отырған жоқ. Жақын жоспарда да ол жоқ.

 

- Қазақстан мәлім еткен еуробондтарын 2014 жылдың бірінші, екінші тоқсандарында, келесі жылы шығаруы мүмкін бе? Қандай шарттарда олар шығарылуы мүмкін?

 

- Министрлік 2014 жылы еурооблигациялар шығару мүмкіндігін тек сыртқы капитал нарығында коньюктура жақсы болған жағдайда ғана қарастырады.

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


adimage