ҚР АШМ аңшы инспекторлары 100-ден астам киікті атқан күдіктілер қатарында ұсталды

Күні: 16:28, 26-03-2019.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – ҚР АШМ аңшы инспекторлары 100-ден астам киікті атқан күдіктілер қатарында ұсталды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.
«17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам өлі киік табылды. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәжірибелі полиция қызметкерлері мен кинологтардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторын ұстады», - деп хабарлады сейсенбіде ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділда Ораз.
Ол нақтылағандай, күдіктілерге қатысты сот шешімімен қамауда ұстау жазасы қолданылды
«Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ киік мүйіздері алынды. Тергеу жалғастырылуда», - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі.


Жаңалықтармен бөлісу: