Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) мемлекеттік инспекция комитетінің (МИК) төрағасы тағайындалды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметінен.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың 2020 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен Алмабек Марс Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
2010 - 2011 жылдары - ҚР АШМ АӨК МИК Фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары болған.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08