ҚР АШМ Т312,9 млрд сомаға 292 фермерге проблемалық несиені қайта қаржыландырады

Күні: 11:40, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – ҚР ауылшаруашылық министрлігі (АШМ) Т312,9 млрд жалпы сомаға 292 ауылшаруашылық тауарларын өндірушіге (АШТӨ) проблемалық несиені қайта қаржыландырады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 млрд теңгеге 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы берешек сомасы 245,3 млрд теңгеге «ҚазАгро» холдингінің қорландыру қаражаты арқылы сауықтырылатын болады. Бұған қоса, бағдарламаға 17 қаржы институттары қатысады», - делінген дүйсенбі таратылған хабарда.
АШМ-дан нақтылағандай, сауықтандыру бағдарламасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агрокәсіп-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
«Бағдарламаның негізгі көрсеткіші жалпы берешек сомасы 300 млрд теңгеге қайтару мерзімін ұзарту және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің проценттік ставкасын азайту болып табылады. Бүгінде бұл көрсеткіш толық орындалған», - деп хабарлады министрліктен.
Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері қатысуда. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына – 2,8%, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге – 5%, басқа қызмет түрлеріне – 5,6 %.
Жалпы АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орынын сақтап қалу үшін жағдай жасалынып отыр. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсім ақыларының көлемі шамамен 2,8 млрд теңгені құрайды.
«Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сәйкес, АӨК субъектілерінің едәуір бөлігі осы бағдарламаны одан ары жалғастыруда қызығушылық білдіруде. Себебі, АӨК субъектілерінің көбісі бағдарламаға қатысуға үлгермеді. Сондай-ақ, Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясы мен қаржы институттарының мәлімдеуінше АӨК субъектілерін сауықтыруда жалпы берешек сомасы 80 млрд. теңгеден астам қосымша сұраныс бар.
Қазіргі уақытта АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 400 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша «Агрокәсіп-2020» бағдарламасына қажетті өзгерістер енгізілуде», - деп хабарлады АШМ.


Жаңалықтармен бөлісу: