ҚР АШМ жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы тағайындалды

Күні: 11:05, 24-09-2019.

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы тағайындалды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Бимендина 2016 жылдың маусымынан қазірге дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары болды, 2013-2014 жылдары — Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласындағы реттеу департаментінің директоры болған.


Жаңалықтармен бөлісу: