ҚР Қауіпсіздік кеңесі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Күні: 19:15, 24-04-2019.

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ - ҚР Қауіпсіздік кеңесі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен..
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда. 
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 22 сәуірде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасының шешімімен Мұхтаров Талғат Сәбитұлы ҚР Қауіпсіздік кеңесі әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: