ҚР ауыл шаруашылық өндірушілері үшін 2020 жылы дизель отынының бағасы Т177/л болады – АШМ

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстан ауыл шаруашылық өндірушілері үшін 2020 жылы дизель отынының бағасы Т177/л болады, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.
«Ағымдағы жылы АШТӨ үшін дизель отынының бағасы Т177/литр (ЖҚС Т195/литр) болады, бұл нарықтағы бағадан 10% арзан», - деп хабарлады жұма күні ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Сапаров.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы егістік жұмыстарына энергетика министрлігінің келісімімен ақпан-маусым кезеңіне 378 мың тонна дизель отыны бөлінген.
«Күрделі ауа райы жағдайы ескеріле отырып, облыстардың өтінімі бойынша қосымша 10 мың тонна бөлінген, бұл барлық өңірлерді дизель отынымен толық қамтуға мүмкіндік береді. (…) Қазіргі таңда кесте ауыл шаруашылық министрлігімен және энергоминімен келісілген, қазір жұмыс жасау үшін өңірлерге жіберілді», - деді Сапаров.

adimage