Aлматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР азаматтарының зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыға аударына 30 күн кетеді, деп мәлімдеді ҚР қаржылай нарықты реттеу және дамыту агенттігінен.
Зейнетақы жинақтары азаматтардың зейнеткерлікке шыққан кезде кірістерін қамтамасыз етуге арналған, соған байланысты жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына берілетін зейнетақы активтері зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде сақталады және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу, заңнамада көзделген өзге мақсаттар, оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу үшін пайдаланылады.
«БЖЗҚ салымшының жеке зейнетақы шотында жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының не жасалған зейнетақы аннуитеті шартының бар-жоғын тексергеннен кейін 30 күн ішінде зейнетақы жинақтарының тиісті бөлігін (қалдығын) жеке компанияның басқаруына аударады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық Банктің басқаруында қала береді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ақпарға сәйкес, Зейнетақы активтерін басқарушылар инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар және өздерін тиімді басқарушы ретінде көрсеткен нарықтағы жұмыс тәжірибесі бар жұмыс істеп тұрған компаниялардан іріктелетін болады. Бұл компанияларға қосымша лицензиялар алу қажет емес.
Зейнетақы жинақтарын салымшы жеке басқарушы компанияларға бере алады және олардың басқаруында салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін болуы мүмкін.
Салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күн бұрын жеке басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтары кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, зейнетақы аннуитетін шартын жасау мақсаттары немесе заңнамада көзделген өзге мақсаттар үшін БЖЗҚ-ға қайтаруға жатады.
Сонымен бірге жинақтарды жеке басқаруға беру кезінде түрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану салымшылардың тәуекелдерін әртараптандыруға, неғұрлым жоғары инвестициялық кіріс алуға және, тиісінше, зейнетақы жинақтарының көбеюіне ықпал ететін болады.
Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша басқарушы алған кірістілік номиналдық пен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасында теріс айырма туындаған жағдайда, басқарушы салымшыға осы айырманы меншікті капиталының есебінен өтеуге тиіс болады.
Кірістіліктің ең төменгі деңгейі жеке басқарушы компаниялардың басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептеледі.
Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік пен орташа алынған кірістіліктің көрсеткіштері ай сайын есептеледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау басқарушы компаниямен үлестес емес кастодиан банкте ашылған БЖЗҚ шотында жүзеге асырылады.
Кастодиан банктің негізгі міндеттерінің бірі зейнетақы активтерінің мақсатты пайдаланылуын және зейнетақы активтері есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының заңнама талаптарына және басқарушы компанияның инвестициялық декларациясына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Осылайша, жеке басқаруға берілген зейнетақы активтерін жеке басқаруға беру сәтінде табыс салығы салынбайды.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32