ҚР азық-түлік сапасын арттыруға арналған қаржының жұмсалуының тиімділігі күмән тудырды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстандық азық-түлік сапасын арттыруға арналған қаржының жұмсалуының тиімділігі мәжіліс депутаты Татьяна Яковлеваның күмәнін тудырды.
«Сауда және интеграция министрлігі үш стратегиялық бағыт бойынша үш жылға Т143,6 млрд жоспарлаған: инфрақұрылымды дамыту және сауда және халықаралық интеграция саласында елдің экономикалық мүддесін жылжыту, экспортты дамыту және жылжыту, қазақстандық өнім сапасын арттыру және тұтынушылар құқығын қорғау. Экспортты жылжытумен байланысты алдыңғы екі бағытқа қаржының 90%-ы, яғни Т130,9 млрд. қарастырылған. Ал қалған Т15 млрд сома қазақстандық өнім сапасы мен тұтынушылар құқығын қорғауға қалай әсер етер екен?» - деген сұрақ қойды Яковлева сәрсенбі күні мәжіліс отырысында үш жылдық бюджетті талқылау барысында.
Сұраққа жауап берген сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өнім сапасына нақты Т5,3 млрд қарастырылғанын, ал Т10 млрд. соманың жалпы әкімшілік шығындар екенін жеткізді.
«Өнім сапасына бізде үш жылдық бюджетте Т5,3 млрд қарастырылған, оны үш блокқа бөлуге болады. Т2,3 млрд озық халықаралық стандарттар негізінде қазақстандық тауарлардың 1,5 мың жаңа стандартын әзірлеуге жұмсалады. Бұл құрылыс, жиһаз, жеңіл, тамақ өнеркәсібі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін салалар. Осы бағдарламамен бірге біз отандық өнімді стандарттарды әзірлеу арқылы бәсекелестіктің жаңа деңгейіне шығарамыз, осы стандарттар негізінде Т70 млрд. сомаға қосымша өнім пайда болады деп күтілуде», - деді өз кезегінде Сұлтанов.
Сонымен қатар, Т1 млрд. оның айтуынша, аккредиттеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналады, ал Т1,5 млрд метрологияға жұмсалады.
Жоспарланған сомамен келіскен депутаттар жұмыстардың сауда министрінің түсініксіз сөзіне қарағанда барынша нақты болу керектігін атап өтті.

adimage