ҚР БҒМ: Қашықтықтан оқыту – бұл 40 минуттық мектептегі сабақ емес, мұның қағидалары бөлек

Алматы. 25 наурыз. ҚазТАГ - Қашықтықтан оқыту – бұл 40 минуттық мектептегі сабақ емес, мұның қағидалары бөлек, деп мәлімдеді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.
«Құрметті педагогтар, ата-аналар! Коронавирустың таралуына байланысты шаралардың күшейтілуіне орай 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтық форматында бастайды. Қазір көктемгі демадыс, балалар демалып жатыр. Ал мұғалімдер балаларды жаңа форматта оықтуға дайындалуда. Қазір мұғалімдер үйреншікті дайындықты күшейтіп, цифрлық құзырлыққа көшуге, жұмыстарын осы бағытқа өзгертуге дайындалуда. Иә, бұл оңай емес. Оның үстіне мектеп мұғалімдерінің қашықтық режимінде оқытуда жүйелі тәжірибелері жоқ. (…) Қазір мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, педагогтардың өздері «қашықтыққа» көшуге дайындалу бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді. Маңыздысы, бұл мәселені дұрыс түсіну. Қашықтықтан оқыту – бұл мектептегі 40 минуттық сабақ емес. Мұның тәсілдері басқа, қағидасы бөлек», - деп жазды өзінің Facebook парақшасында Каринова.
Ол барлығын осы қиын кезеңде онлайн сабақ берудің жаңа тәсіліне көшуді дұрыс түсінуге шақырды.
Вице-министр атап өткендей, қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыруға кедергі келтіретін проблемалар жекелей шешіледі.
Балалар мен педагогтарға көмек ретінде «Балапан» және «Ел-Арна» телевизиялық арналарында төртінші тоқсан басталғасын күн сайын аптасына бес күн бойы 1-11 класс оқушылары үшін сабақ өтетін болады.
«Қазір күн сайын сол теле-сабақтардың арнайы түсірілімі өтіп жатыр. Балалар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақтар дайындалады. Олар МЖМБС мен оқу бағдарламасына толық сәйкестікте әзірленген. Оларды дайындауға көп күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қ., Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жеке мектептер еліміздің барлық балалары үшін сабақ жүргізетін болады. Тек педагогтарға қолдау керек!» - деп қорытқан сөзін Каринова.

adimage