ҚР БҒМ комитетінің жаңа төрайымы тағайындалды

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің жаңа төрайымы тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайтынан.
«ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Анар Сайранқызы Абылқасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
43 жасар Абылкасова 2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

adimage