Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болды, деп хабарлады ҚР мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды», - делінген сейсенбіде Twitter-дегі Ақорда парақшасында жарияланған хабарда.
Бұған дейін Б.Сұлтанов ҚР қаржы министрі қызметін атқарып келген еді.
ҚР бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болды
