ҚР банк активтері 2019 жылдың басынан бері 2,6% төмендеді

Күні: 18:14, 30-04-2019.

Алматы. 30 сәуір. ҚазТАГ – Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылдың басынан 2,6% төмендеп, 24 трлн 577,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылғы 1 сәуірде 24 577,4 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бері 2,6%-ға азаю) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,2%, бағалы қағаздар портфеліне – 21,5%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,9% тиесілі», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 122,8 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,6%-ын құрады.
«Несие портфелі бойынша провизиялар 2 341,4 млрд теңге немесе несие портфелінің 17,9%-ы (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты», - делінген хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 21 516,9 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап азаю 3,2%) құрады.
«Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 7 77,4%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,2%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,7%-ды иеленеді», - делінген хабарда.
Банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы наурызда 1,3%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 060,5 млрд теңгені құрады.
«2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,0% және 3,9% болды. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді тиісінше 5,0% және 3,9% болды», - делінген хабарда.
2019 жылдың 1 сәуірінде ҚР банк секторында 28 банк бар.


Жаңалықтармен бөлісу: