ҚР бас прокуратура үкімдерінің заңдылығын бақылау қызметінің жаңа басшысы тағайындалды

Күні: 19:05, 29-04-2019.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ - ҚР бас прокуратура үкімдерінің заңдылығын бақылау қызметінің жаңа басшысы тағайындалды, делінген қызмет сайтында.
«Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың қолданылуын бақылау қызметінің бастығы болып – Бақашбаев Жарқынбек Кендірбекұлы тағайындалды», - делінген сайттағы хабарда. 
Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті Бауыржан Мырзакеров атқарған еді, ол 26 сәуірде мемлекет басшысының келісімімен ҚР бас прокурорының бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: