ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетов мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берді

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – ҚР бас прокуроры Ғизат Нұрдаулетов мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берілді», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Қазақстан Президенті заң және заңнамалық нормалардың, сондай-ақ азаматтардың заңды мүддесін сақтау ісіндегі еліміздің қадағалаушы органы ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтті.
«Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді», - делінген хабарда.

adimage