ҚР Бас прокуроры Қожамжаров қазақстандық дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Қазақстанның дзюдо федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметінен.  
«Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қожамжаров Қайрат Пернешұлы сайланды», - делнген сейсенбіде таратылған хабарда.
«Құрметті конференцияға қатысушылар, федерация президенті ретінде федерация қызметімен, жұмыс жүйесі және қағидаларымен танысқаннан кейін лауазымды тұлғаларды тағайындау туралы шешім жақын арада қабылданатын болады», - деді  Қ. Қожамжаров.
Хабарда айтылғандай, конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры Рамазанов Елдос Мұратұлы, ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директорыАсхат Житкеев, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, дзюдодан Әлем Чемпионы Максим Раков, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов, жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко қатысты.
Еске салсақ, 11 желтоқсаннан бастап Қ.Қожамжаров ҚР бас прокуроры қызметін атқарып келеді.  

adimage