Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Бас Прокурордың бұйрықтарымен әскери прокуратура органдарында кадрлық тағайындаулар өтті, делінген ведомство сайтында.
«Бас әскери прокурордың орынбасары лауазымына әділет полковнигі Дархан Ғалиханұлы Ержанов тағайындалды», - делінген хабарда.
Ержанов Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісінен бастап, кейін Қостанай облыстық прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында түрлі лауазымдар атқарған. 2009 жылдан бері Қостанай гарнизонының әскери прокуроры болған.
Батыс аймағының әскери прокуроры лауазымына әділет подполковнигі Нұрлан Амантайұлы Айтуғанов тағайындалды. Оның прокуратура органдарында жұмыс жасау мерзімі 12 жылдан астам.
ҚР бас әскери прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды
